САРЫАҒАШ:АУДАН ӘКІМІ ЖАС ЧЕМПИОНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев  Азия құрлығының жүлдегерлерін арнайы қабылдап, жеңістерімен құттықтады.

 

– Спорт–денсаулық кепілі десек, спорттағы жетістіктер – ел мерейін өсіретін жүлделер тынымсыз еңбектің жемісі. Мұндай жеңістер қажырлы күшпен келеді. Осы мүддеден шығып жүрген аудан спортшылары биік белестерді бағындыруда. Олардың қатарында жастардың жеңіске деген жігерін ерекше атап өтуге болады. Азия чемпионатында және Халықаралық жарыста намысты қолдан бермей, аудан мерейін үстем еткендеріңіз үшін алғыс білдіремін. Алдағы уақытта да додаларда топ жарып, жеңіс тұғырынан көріне береді деп сенемін. Жеңістеріңіз құтты болсын! – деген аудан басшысы жас спортшылар мен жаттықтырушыларына  ақ жарма тілегін білдіріп, арнайы алғыс хатпен марапаттап,  бағалы сыйлықтар  табыстады.

 

Кездесуде жас спортшылар Шұғыла Жарас пен Рүстем Сапархан спорттағы жетістіктерін айтып, бұдан да жоғарғы белестерді бағындыруға ниетті екендіктерін жеткізді. Ал жастарды жарысқа дайындаған №1 Қажымұқан атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің бокс бөлімінің білікті бапкерлері Болат Беласаров, Нурлан Сапаркулов  спорт түрлерін дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

 

Айта кетсек, 2025 жылдың 1 және 5 мамыр аралығында Азия құрлығының Иордания мемлекетінің астанасы Амман қаласында 2009-2010 жылы туылған жасөспірім ұлдар және қыздар арасында бокстан Азия біріншілігі өтті. Аталған біріншілікке Сарыағаш аудандық №1 Қажымұқан атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің бокс бөлімінің былғары қолғап шеберлері Шұғыла Жарас қыздар арасында 46 келі салмақ дәрежесінде, Рүстем Сапархан 48 келі салмақ дәрежесінде қатысып ІІІ орынға ие болды.

 

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1002991?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді