Кене энцефалиті дегеніміз не?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Кене энцефалиті – кене арқылы таралатын, орталық жүйке жүйесін зақымдайтын, табиғи-ошақты вирустық ауру.

     Бұл ауру Қазақстанда, әсіресе Алматы қаласы, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында эндемиялық болып табылады.​

     Аурудың белгілері: қызба, жалпы әлсіздік, бас ауруы, жүйке жүйесінің зақымдануы (менингит, менингоэнцефалит, энцефаломиелит).​

     Алдын алу шаралары:

  1. Вакцинация – ең тиімді алдын алу жолы, қауіпті аймақ тұрғындары мен сол аумақтарға жиі баратындарға ұсынылады.
  2. Жеке қорғаныс құралдары – орманға шыққанда жабық киім кию (жеңі ұзын, шалбар, бас киім), аяқ киімді шалбардың сыртына шығарып кию, кене үркітетін репелленттер қолдану.
  3. Кенеге қарсы өңдеу – демалыс аймақтарын, лагерьлерді, орман маңын арнайы дезинфекциялау.
  4. Өзін-өзі тексеру – табиғаттан кейін денені мұқият қарап шығу, кене анықталса — тез арада медициналық көмекке жүгіну.

     Ескерту: Кене энцефалиті кезінде өз бетімен емделуге болмайды! Алғашқы белгілер байқалса, дереу дәрігерге қаралу қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1002803?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді