
Бұл күндері барлық мектептерде оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты шаралар өтуде. 2025 жылғы түлектерге арналған мектеп уақыты аяқталуға жақын. Он бір жыл ішінде сіздердің әрқайсыларыңыз үлкен жолға түсіп, жаңа білім алып, жетіліп, өмір траекториясын таңдадыңыз. Осы уақыт ішінде сіздердің жаныңызда ұстаздар мен тәлімгерлер болды, олар үйретуден, тәрбиелеуден жалықпай, сіздерді қолдады және шабыттандырды.
Құрметті ұстаздар! Сіздердің қолдарыңызда еліміздің болашағы – бұл жоғары миссия және үлкен жауапкершілік. Сіздердің еңбектеріңіз–бұл біздің еліміздің кішкентай азаматтарына салған үлес қана емес, Сіздер бүкіл мемлекеттің болашағын, әл-ауқаты мен тұрақтылығын қалыптастырасыздар. Бүгін сіздердің еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғыс сөздерін оқушылардың өздері де, олардың ата-аналары да білдіреді.
Құрметті түлек! Сіздің алдыңызда барлық жолдар ашық, алда жаңа жетістіктер мен мамандыққа қызықты жол бар. Сіздердің әрқайсыларыңыз тек жақсы маман ғана емес, жауапты азамат, еліміздің нағыз патриоты болатынына сенімдіміз. Сізге емтихандарды сәтті тапсыруды, қойылған барлық мақсаттарды іске асыруды тілеймін! Өзіңізге сеніңіз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-kostanay/press/news/details/1002729?lang=kk
Жауап қалдыру