
Азаматтық бастамалар орталығы елордада ҮЕҰ өкілдері, БАҚ қызметкерлері және белсенді азаматтардың басын қосып, «ҮЕҰ қонақ бөлмесі» атты іс-шара өткізді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Бейресми жағдайда өткен кездесуде жиналғандарға ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдайтын «Бақытты шаңырақ» қорының қызметі таныстырылды.
Кездесу аясында ұйым басшысы Ботагөз Сұлтанова қордың қазіргі жобалары туралы жан-жақты айтып берді: тегін оңалту, балаларға арналған қосымша сабақтар, шеберлік сабақтарын өткізу, ата-аналарға арналған оқыту курстары, инклюзивті іс-шаралар, сондай-ақ заңдық және психологиялық көмек көрсету.
Қордың қамқорлығында қазіргі таңда 1059 отбасы бар, оларда 2801 бала тәрбиеленіп жатыр, оның ішінде 1147-сі – мүмкіндігі шектеулі балалар.
Осыдан кейін қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісіп, тәжірибе алмасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1002707?lang=kk
Жауап қалдыру