ШҚО құтқарушылары жағажайда кезекшілік ететін құтқарушы жасақтарды оқытады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Басты міндет су айдындарындағы азаматтардың қауіпсіздігі. Сондықтан бағдарламаны ТЖД кәсіби құтқарушылары қатысушылар суға батып бара жатқан адамға алғашқы көмек көрсету ережелерін, суда апатқа ұшыраған кездегі іс-қимыл дағдыларын, құтқару құралдарын қолдана білуді, қайықтарда патрульдеу техникасын игеруді үйретті.

Бүгінгі таңда 20-ға жуық жасақшы оқытылды, өтінімдер әлі де түсуде. ТЖД құтқарушылары қауіпсіздік мәселелеріне мұқият қарайды. Сондықтан суда болатын оқыс оқиғалар және осындай жағдайлардан қалай аулақ болу керектігін құтқарушы жасақшыларға жеткізді.

– Оқу процесі аяқталғаннан кейін арнайы куәлік беріледі. Құтқарушы жасақтар жағажайларда кезекшілік етеді және қоғамдық жағажайларда демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, – деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1002224?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді