ӘКІМДЕР ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
19 мамырдан бастап ауылдық округ әкімдері тұрғындармен кездесуде. Айтулы күні Қарасу, Қараөзен ауылдық округтерінің әкімдері округ тұрғындарымен кездесіп, 2025 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстарды баяндап, мәселелеріне құлақ түрді. Округ әкімдерінің халықпен кездесу жиындарына аудан әкімінің орынбасарлары қатысты.
 
Қарасу ауылдық округінің әкімі Сұңғат Қажығалиев Қарасу ауылы және Ащысай, Кіші Бостандық, Жұлдыз елді мекендерінің тұрғындарымен кездесіп, округте атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Ал округ әкімінің халықпен кездесу жиындарына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Айдар Менеев ауданда жүзеге асып жатқан жобаларға тоқталып, тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Қарасу ауылдық округінде өткен жиында жер мәселесі, Жұлдыз елді мекенінде ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативін құру, округ орталығындағы дәрігерлік амбулаторияны лаборантпен қамтамасыз ету сынды мәселелер көтерілді.
 
Қараөзен ауылдық округінің әкімі Нұрхат Болаевтың округ тұрғындарымен кездесуіне аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев қатысты. Қараөзен ауылы мен Жас, Серік елді мекендерінің тұрғындары Жас елді мекенінің клубына газ өткізу, Серік елді мекеніне қатынайтын жолды көтеру, елді мекендердегі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын қоршау, Қараөзен фельдшерлік-акушерлік пунктін тұрақты медицина маманымен қамтамасыз ету сынды мәселелерді көтерді. Аудан әкімінің орынбасары Серік Ерболатұлы жиында көтерілген мәселелер іс-шаралар жоспарына енгізілетінін атап өтті.
 
Округтерде өткен жиындарға аудандық мәслихат депутаттары, салалық бөлім басшылары да қатысып, мемлекеттік бағдарламалар жөнінде мәлімет берілді.
 
Казталов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kaztalovka/press/news/details/1002156?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді