
Сауле Садвакасованың айтуынша, облыстағы су құбырларының тек 30%-ы ғана санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыға ие, қалғандары рұқсатсыз жұмыс істеп жатыр. Негізгі себеп — баланс ұстаушылардың жоқтығы, иесіз желілер Зеренді және Бұланды аудандарында анықталған.
Сумен жабдықтау нысандарының 95%-ында санитариялық қорғау аймақтарының болмауы ерекше алаңдаушылық тудырады. 2025 жылы су сынамаларының талаптарға сай келмеу фактілері артқан: микробиологиялық көрсеткіштер бойынша — 7,1%, санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша — 12,6%, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден жоғары.
Сауле Садвакасова негізгі проблемаларды атап өтті: желілердің тозуы, тазарту құрылыстарының сапасының төмендігі, су құбырларын пайдалануға рұқсаттың болмауы және санитариялық нормалардың сақталмауы. Дезинфекция тек нысандардың үштен бірінде ғана жүргізіледі, көбіне бұл жұмыстар лицензиясыз және зертханалық бақылаусыз жүзеге асырылады.
Сондай-ақ Көкшетау қаласына да назар аударылды, мұнда су ашық су қоймаларынан — Чаглин және Сергеев су қоймаларынан алынады. Тазарту құрылыстары ұзақ уақыт қанағаттанғысыз жағдайда болған. 2023 жылы департаменттің талап арызынан кейін жаңғырту жұмыстары басталды: сүзгілер жаңартылып, коагуляция цехы, тұндырғыштар және жаңа су құбыры желісі салынды.
Дегенмен, әлі де шешілмеген мәселелер бар: желілердің тозуы 49%-дан асады, санитариялық қорғау аймағының жобасы жоқ, бірінші санаттағы су қоймаларын пайдалану ережелері бұзылып отыр.
Баяндама соңында ведомство басшысының міндетін атқарушы эпидемиологиялық қауіп-қатерлердің алдын алу мақсатында шаруашылық жүргізуші субъектілерге анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілгенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1002131?lang=kk
Жауап қалдыру