Еліміздің барлық өңірінде Балаларды қорғау күніне арналған ауқымды шаралар басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

22-30 мамыр аралығында Қазақстанның барлық өңірінде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ауқымды іс-шаралар өтуде. Биылғы жылы бұл мереке «Қазақстан балалары» атты бірыңғай ұранмен ұйымдастырылып отыр.

Басты мақсат – балаларды елдің мәдени, білім беру және қоғамдық өміріне кеңінен тарту, олар үшін мүмкіндіктерге, қуанышқа және өзін-өзі дамытуға жол ашатын орта қалыптастыру.

Балалар театрларды, мұражайларды, саябақтар мен кинотеатрларды тегін немесе жеңілдетілген бағамен тамашалай алады. Сондай-ақ шығармашылыққа ерекше көңіл бөлініп, өңірлерде фестивальдер, шеберлік сағаттары, интерактивті аймақтар мен отбасылық мерекелер ұйымдастырылуда.

Бұдан бөлек, бұл акция аясында ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларды қолдауға бағытталған аймақтық қайырымдылық шаралары да өткізіліп жатыр

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/1002085?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді