БОРАЛДАЙ АУЫЛЫНДА БҰРЫН ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕН АЙЫРЫЛҒАН МАС ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Боралдай ауылында патрульдеу қызмет барысында тәртіп сақшылары көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған жүргізушіні ұстады.

– Патрульдеу кезінде «Mercedes-Benz» маркалы автокөлік тәртіп сақшыларының назарын аударды. Көлік тоқтатылып, жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында 44 жастағы жергілікті тұрғыннан алкогольдік масаңдықтың айқын белгілер, яғни тән иіс пен сөйлеу мәнеріндегі өзгерістер байқалды. Медициналық куәландыру қорытындысы оның мас күйінде көлік басқарғанын растады. Бұдан бөлек, бұл азаматтың бұрын-соңды дәл осындай құқықбұзушылық жасағаны және осыған байланысты жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды, – деп хабарлады облыс департаментінде.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің тиісті бабына сәйкес іс қозғалып, азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Полиция басқармасы азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Мас күйінде көлік басқару – бұл ауыр құқықбұзушылық қана емес, сонымен бірге адам өміріне зор қатер төндіретін әрекет, – деп атап өтті ведомствода.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1001600?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді