
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» аясында Қызылжар ауылдық округінің жастары Қызылжар және Жаскешу елді мекендерінің кіреберіс аумағындағы қақпаларды сырлау және жаңарту жұмыстарын жүргізді.
Ауыл жастары бүгінде ауыл аумағына абаттандыру, тазалық жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде. Ауыл тұрғындарының бірлігі мен ынтымағы, жастардың білімі мен тәртібі, ауыл тазалығы мен мәдениеті, бұқаралық спорттың дамуы, тұрғындардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсаттарында ауқымды шараларды ұйымдастыруды да жоспарлауда.
Айта кетсек, Қызылжар ауылының тұрғындары Түркістан облысы аумағында бастау алған үлгілі ауыл байқауынның “Жомарт түлек” номинациясына қатысуға ниет білдірген.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1001351?lang=kk
Жауап қалдыру