
Батыс Қазақстан облысы әкімі Нариман Төреғалиевтің, облыс әкімінің орынбасарлары Тлепберген Каюповтың, Қалияр Айтмұхамбетовтың, Орал қаласының әкімі М.Байменовтың, облыстық мәслихат депутаттарының, аудандық мәслихат төрағаларының, мемлекеттік мекеме басшыларының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаевтың төрағалығымен кезекті 18-ші сессия өткізілді.
Сессияның күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:
1. Батыс Қазақстан облысының 2024 жылға арналған облыстық бюджетінің атқарылуы жөнінде жылдық есебін бекіту туралы;
2. Батыс Қазақстан облысының Тексеру комиссиясының мүшесін лауазымнан босату туралы;
3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 11 наурыздағы №31 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы №7-4 “Жер учаскелері мен жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары туралы” бірлескен қаулысына және шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
4. Батыс Қазақстан облысы бойынша “Толық бітіріп берілетін құрылыс” туралы шарт объектілердің тізбесін бекіту туралы;
5. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі қоғамдық даму басқармасына қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің лауазымдық айлыақыларына 50 (елу) пайыз көлемінде ынталандырушы үстемақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындау туралы;
6. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі №38-3 “Батыс Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы” шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
7.Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы;
8. Батыс Қазақстан облысының бюджеттік комиссиясы туралы.
Отырыс соңында сөз алған облыс әкімі Н.Төреғалиев: ”Бүгін бірқатар өзекті мәселелер қаралып талқыланды. Соның бірі – 2024 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуының жылдық есебі және облыстың даму жоспарының орындалуы. Бұл мәселелер қоғамдық қенесте және тұрақты комиссияларда жан-жақты пысықталған болатын.
Сіздермен айтылған барлық ескертулер мен ұсыныстар қабылданады және басшылыққа алынатын болады. Жылдық есепті бекіту кезіңде белсенділіктеріңіз үшін алғыс айтамын. Алдағы уақытта да осылай бірлесіп жұмыс жасауға шақырамын”-деп қорытындылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zko/press/news/details/1018534?lang=kk

Жауап қалдыру