
Қазақстан Республикасының «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Заңының 19-бабына сәйкес, әрбіріміз энергияны тиімді пайдалануға үлес қосуымыз керек. Бұл тек заң талабы ғана емес – бұл болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік.
⠀
📉 Энергия үнемдеу нені білдіреді?
Энергия үнемдеу – электр, жылу және басқа да энергетикалық ресурстарды артық шығынсыз, ұтымды пайдалану.
⠀
💡 Күнделікті өмірде қалай үнемдеуге болады?
▪️ Үйден шыққанда жарықты өшіру
▪️ Электр құрылғыларын «режим ожиданиядан» толық ажырату
▪️ Энергия үнемдейтін шамдар (LED) пайдалану
▪️ Ыстық суды үнемдеп пайдалану
▪️ Үйіңізді жақсы оқшаулау – жылу жоғалтудың алдын алады
⠀
📲 Энергияны үнемдеу – трендке айналды!
Бүгінде бұл – жай ғана ақылды әдет емес, заманауи өмір салтының бір бөлігі. Әрбір қадам – отбасылық бюджетке пайда, қоршаған ортаға жанашырлық.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turan/press/news/details/1018523?lang=kk

Жауап қалдыру