СЭС қызметінің жалған өкілдерінен сақ болыңыз!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

        Құрметті азаматтар!

     Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (бұдан әрі – Департамент) ескертеді:

    Департамент қарауында жеке кәсіпкерлерден өзін санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің (бұдан әрі – СЭС) қызметкері ретінде таныстырып, “тексеру”, “айыппұл” үшін ақы талап ету бойынша арыз-шағымдар тіркелуде.

      Назар аударыңыз:

 🔹 СЭС қызметкерлері ешқандай жағдайда ақша жинамайды.

🔹 Барлық тексерулер құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркелгені туралы белгі қойылған тексеруді тағайындау туралы ресми актісі арқылы жүргізіледі.

🔹 Қызметкерлердің қызметтік куәліктерін (идентификациялық картасы) тексеруге құқығыңыз бар – құжаттарды көрсетуін талап етіңіз.

     Барлық сұрақтар бойынша Департаментке – 8 (7262) 45-08-83 телефон нөмірі арқылы

және оның аумақтық басқармаларына:

Тараз қалалық СЭББ – 8 (7262) 34-30-97

Байзақ аудандық СЭББ – 8 (72637) 2-17-68

Жамбыл аудандық СЭББ – 8 (72633) 5-02-46

Жуалы аудандық СЭББ – 8 (72635) 2-17-12

Меркі аудандық СЭББ – 8 (72632) 2-17-65

Т.Рысқұлов атындағы аудандық СЭББ – 8 (72631) 4-07-10

Мойынқұм аудандық СЭББ – 8 (72642) 2-46-22

Қордай аудандық СЭББ – 8 (72636) 2-10-51

Сарысу аудандық СЭББ – 8 (72634) 6-32-86

Талас аудандық СЭББ – 8 (72644) 6-01-49

Шу аудандық СЭББ – 8 (72638) 3-14-92 хабарласуларыңызға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1019079?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді