Гастелло, Тасөткел, Отрадный ауылдық округтерінің тұрғындарымен есептік кездесу өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2025 жылғы 19 маусымда Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Ербол Мұқашев Гастелло, Тасөткель, Отрадный ауылдық округтерінің тұрғындарымен есептік кездесу өткізді.
Кездесуге аудандық мәслихаттың төрағасы Асылхан Әлжанов, ауыл тұрғындары, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, аудандық ұйымдардың басшылары қатысты.
Әкім ауданның 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы халықты хабардар етті.
Кездесу барысында ауыл және ауылдық округ әкімдерінің, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторларының атқарған жұмыстары бойынша есептері тыңдалды. Сондай-ақ тұрғындарға алаяқтық жағдайларының жиілеп кетуіне байланысты сақтық шаралары еске салынды.
Ауыл тұрғындары білім беру, денсаулық сақтау, жолдардың жағдайы және елді мекендерді сумен қамту мәселелері бойынша сұрақтар қойды.
Есептік кездесудің қорытындысы бойынша аудан әкімі көтерілген әрбір мәселе бойынша тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zharkain/press/news/details/1020972?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді