«Таза жағалау» акциясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Дружба ауылдық округінде «Таза жағалау» акциясы аясында Есіл өзенінің жағалауларын қоқыстан тазарту жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Іс-шараға әкім аппаратының қызметкерлері, мектеп оқушылары және жергілікті тұрғындар қатысуда. Акцияның негізгі мақсаты — экологиялық мәселелерге назар аударту және жағалау аумағының тазалығын сақтау.

Қатысушылар пластик пен шыны қалдықтарын, бұтақтарды және тұрмыстық қоқыстарды жинап жатыр. Мұндай бастамалар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және азаматтық жауапкершілікті дамытуға септігін тигізеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-druzhba/press/news/details/1022140?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді