
Жұқпалы аурулар ауруханасындағы пациенттердің жағдайы—басты назарда
Жаз мезгілінде шомылуға жиі баратын тұрғындар, әсіресе жабайы өзендер мен тоғайлардағы, сондай-ақ санитарлық талаптарға сай емес су қоймаларында суға түсетіндер арасында түрлі жұқпалы аурулардың таралу қаупі артады. Мұндай жерлерде судың ластану деңгейі жоғары болуы мүмкін, ал бұл өз кезегінде адам ағзасына қауіпті түрлі микробтар мен вирустардың енуіне себеп болады.
Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының мәліметінше, соңғы уақытта бұл жағдай әсіресе балалар арасында жиі тіркеліп отыр. Ауруханаға түскен науқас балаларға энтеровирустық жұқпа, менингоэнцефалопатия сынды диагноздар жиі қойылуда. Бұл аурулар су арқылы тарайтын инфекциялармен тығыз байланысты.
Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек Жұқпалы аурулар ауруханасына барып, осындай талдау-сараптау қорытындылары қойылған пациенттердің жағдайын көрді.
Мекемеге бір тәулікте 154 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның 54-і — жедел ішек инфекциясы, жедел респираторлы вирусты, интеровирустық, аденовириустық жұқпалар бойынша ауруханаға жатқызылған. Бүгінгі таңда ауруханада 320 науқас ем алуда.
Сержан Сәрсенбекұлы жан сақтау және оқшауланып оңаша жатқан пациенттерге кіріп, олардың жағдайын көріп, медициналық қосымша көмек-нұсқамалар беру туралы аурухана бас дәрігердің м.а Сағыныш Қабылтайқызына арнайы тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1024145?lang=kk

Жауап қалдыру