Павлодарда «ProМолоко’25» форумында алдағы ауыл шаруашылығы санағы туралы айтылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

25-26 маусымда Павлодар қаласында IV Халықаралық сүт бизнес форумы және “ProМолоко’25” көрмесі өтті.

Іс-шара агроөнеркәсіп кешенінің қатысушыларын, инвесторларды, өңдеушілерді, жабдықтарды жеткізушілерді және сала сарапшыларын біріктірді. Форумның негізгі тақырыптарының бірі алдағы ауыл шаруашылығы санағына дайындық болды.

Бюроның Павлодар облысы бойынша департаментінің өкілдері қатысушылар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, санақтың мақсаттары, кезеңдері мен жүргізу тәртібі туралы айтып берді.

Форум қатысушыларына тиімді мемлекеттік саясатты әзірлеу, инвестиция тарту және саланы тұрақты дамыту үшін нақты және толық деректер қажеттігі түсіндірілді.

«ProМолок’25» алаңы фермерлермен диалог жүргізудің және ауыл шаруашылығы санағын насихаттаудың маңызды орнына айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/stat/press/news/details/1025074?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді