
Журналист – қоғам айнасы. Ақпарат кеңістігінің алдыңғы шебінде жүрген бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің еңбегі қашанда құрмет пен ризашылыққа лайық.
Осыған орай, бүгін «Тау Самалы» демалыс орнында Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Жиынға аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Шырынбек Оңғаров және аудандық полиция бөлімінің басшысы Ғалымжан Қуашбаев қатысып, ақпарат саласында абыройлы еңбек етіп жүрген журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Салтанатты шарада сөз алған мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров: «Бұқаралық ақпарат құралдары – халық пен билік арасындағы алтын көпір. Сіздердің шынайы әрі жедел ақпарат таратудағы қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін», – деп жылы лебізін жеткізді.
Сонымен қатар, осы салада ұзақ жылдар бойы табанды еңбек етіп, ел игілігіне қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан бірқатар журналистерге аудан басшылығы атынан грамота мен алғыс хаттар табысталды.
Шара соңында мәдениет үйінің өнерпаздары мерекелік көңіл-күй сыйлап, әсем ән мен көркем өнерлерін тарту етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1025411?lang=kk

Жауап қалдыру