Ұлытау облысы шағын және орта бизнесті дамытуда көшбасшылық позициясын нығайтты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлытау облысы шағын және орта бизнесті дамытуда көшбасшылық позициясын нығайтты

 

«Атамекен» палатасы жүргізетін «Іскерлік климат» рейтингінде Ұлытау облысы 2025 жылдың І тоқсаны бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізді. Бұл ретте, өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірдің көшбасшылық позицияларын иеленгенін атап өткен жөн. Осылайша, нәтиже өңірде кәсіпкерлікті дамыту бойынша жүргізіліп жатқан саясаттың тиімділігін көрсетеді.

 

Атап айтқанда, шағын бизнесті дамыту және мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігі бойынша 1-орынға ие болды. Сондай – ақ мемлекеттік органдармен мәселелерді шешудің “бейресми тәсілдеріне” салыстырмалы түрде төмен тәуелділігін көрсетеді.

 

Орта бизнес бойынша да айтарлықтай ілгерілеу байқалады: облыс 2024 жылы 15-орында болса, биылғы І тоқсанда 8-орынға көтерілді. Бұл — өңірдегі кәсіпкерлік инфрақұрылымның нығайып, орта бизнеске қолайлы жағдайлар жасалып жатқанын көрсететін маңызды жетістік.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-zhezkazgan/press/news/details/1025565?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді