
Павлодар қаласында азаматтар мен көлік саласы қызметкерлері арасында «Заң мен тәртіп» қағидатын енгізу мен насихаттауға бағытталған ақпараттық-ағартушылық іс-шара өтті.
Іс-шараға Павлодар көлік прокурорының орынбасары, Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімінің басшысының орынбасары, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің аға офицері қатысты.
Кездесу барысында жолаушылар мен темір жол вокзалы қызметкерлеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары, қазіргі заманғы алаяқтықтың алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері түсіндірілді. Қатысушылар заңнамадағы өзекті мәселелер бойынша кеңес алып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде ұсыныстар алды.
Осындай іс-шараларды өткізу заңдылық қағидаттарын нығайтуға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа деген төзімсіз көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді, бұл «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілетуге бағытталған мемлекеттік тұжырымдаманың міндеттеріне сәйкес келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-pavlodar/press/news/details/1026071?lang=kk

Жауап қалдыру