
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Мәжіліс кезінде әкім бұған дейін Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметін атқарған полковник Руслан Қайрақбаевты жаңа қызметімен құттықтады. Аталмыш жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, қала, аудан әкімдері, аумақтық департаменттер, инспекция және мекеме басшылары қатысты.
Облыс әкімі департаментті басқарған Р.Қайрақбаевтың адал қызметі мен ұзақ жылдық тәжірибесін атап өтіп, оған алғыс білдірді.
«Руслан Сламбекұлы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, оларды жою, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтық қорғанысты ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыруда аянбай еңбек етті. Ол басшылық жасаған тұста департаменттің материалдық-техникалық базасы күшейтілді. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының бөлімшелері жоқ шалғай орналасқан елді мекендерде 30 өрт сөндіру бекеті құрылды, 4 өрт сөндіру бөліміне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жергілікті бюджет қаражатының есебінен 2023-2024 жылдары 21 өрт сөндіру техникасы, материалдық жабдықтар алынды. 7 жағажайды ресми түрде бекітті»,– деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Мәжілісте өңірдің әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Руслан Сламбекұлына өңірдің ең жоғары марапаты – Құрмет грамотасын табыстады. Облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеумбетов те ізгі тілегін білдірді. Өз кезегінде Руслан Кайракбаев өзі қызмет еткен жылдарда көрсеткен қолдаулары үшін өңірдің әкімиятына алғысын айтты.
Қызылорда облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/1027851?lang=kk

Жауап қалдыру