
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті №9 мекемесінің бақылаушылар қызметі бөлімінің бастығы, әділет капитаны Жандарбек Жауынбайұлы Әбішев 2019 жылғы 18 қаңтарда нағыз ерлікке барып, екі адамның өмірін құтқарып қалды.
Оқиға күні Жандарбек Жауынбайұлы қанды қол қарақшының қолындағы пышақты тартып алып, екі бейкүнә әйелді өлім аузынан аман сақтап қалды. Оның батылдығы мен жылдам әрекеті ауыр қылмыстың алдын алып, жазықсыз жандардың өмірін сақтап қалуға себеп болды.
Көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы үшін әділет капитаны Жандарбек Әбішев «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Бұл марапат — оның қызметке деген адалдығының, кәсіби шеберлігінің және жоғары адамгершілік қасиетінің айғағы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaktobe/press/news/details/1028157?lang=kk

Жауап қалдыру