«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме іс-шарасы ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 2 шілдесінде «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған көрмеге өзге өнімдермен қатар, географиялық нұсқама ретінде тіркелген өнімдердің легі қойылды. Атап айтқанда, Қызылорда облыстық күріш өндірушілер мен өңдеушілер қауымдастығы атынан күріштің түрлері, Арал ауданының түйе сүтінен жасалған және жантақ өсімдігі қосылған сабыны, Жаңақорған ауданынан жүгері сусыны, Арал теңізінің көксерке сүбесі, Шиелінің құрты келушілер назарына ұсынылды. Шараның мақсаты – отандық өнімнің қызметін жандандыру және географиялық нұсқамаларды өңірлік ілгерілету болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/1028485?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді