«Астана – арман қала»: Елорда күніне орай ерекше концерт өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының Эстрадалық вокал бөлімінің әншілері 5 шілде күні Елорда күніне орай «Астана – арман қала» атты концерт өткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Концертке Майра Ілиясова, Нұржамал Үсенбаева, Қанат, Света Айтбаевтар, Арайлым Рахымқызы, Гүлнұр Оразымбетова, Ұлықпан Жолдасов, Сүндет Байғожин, Мұратбек Хайролда, Фарида Жолдасова, Әкімхан Мәженов, Алтыншаш Мұқатаева, Айдын Жұмабай, Диана Май, Парасат Отан, Қымбат Жамбылбек, Дидар Серікқали сынды белгілі өнер қайраткерлері мен эстрада жұлдыздары, сондай-ақ «ALEM» заманауи би балеті қатысады.
Кеш аясында «Астана арулары», «Астана кеші», «Армандастар», «Астана», «Су тасушы қыз», «Алтынай», «Мерекеңмен елім», «Қазақстан» сынды т.б. белгілі әндер орындалады.

Кіру билеттер арқылы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1029083?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді