ЖОСПАР 2025: ШЫМКЕНТТЕ 34 БАЛАБАҚША АШЫЛАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Биыл қаламызда балабақша кезегінде тұрған 13 886 баланы қамту үшін 3 205 орын,
34 жаңа балабақша ашу жоспарланған. Бүгінге дейін 2024 жылдың желтоқсан айында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қосымша 1000 орынға берілген.

Сонымен қатар, инклюзивті білім беруді қолдау аясында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Қаладағы 5 балабақшада аутизм спектрі бұзылған балаларға арнайы мамандар қызмет көрсетіп, заманауи талапқа сай жабдықталған инклюзивті кабинеттер іске қосылған. Бұл бағыттағы жұмыстар ерекше білім беруді қажет ететін балалардың толыққанды дамып, қоғамға бейімделуіне зор мүмкіндік береді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/945832


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді