
Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың арыз-өтініштері бойынша жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында азаматтар жер мәселесі, тұрғын үй кезегі, көше жарығы, жолдарды жөндеу, асфальт төсеу, жұмысқа орналасу сынды және басқа да әлеуметтік маңызы бар мәселелерді көтерді.
Аудан әкімі әрбір тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің шешу жолдарын жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар, жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар беріп, тұрғындар сұрақтарының уақтылы әрі тиімді шешілуін қамтамасыз етуді жүктеді.
(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1029370?lang=kk

Жауап қалдыру