
Полиция қызметкерлерінің, блогерлер мен жұртшылықтың командалары бір алаңда бас қосты.
Әділ тартыстың нәтижесінде орындар келесідей бөлінді:
1 орын – Тергеу Басқармасының командасы
2 орын – блогерлер мен жұртшылық командасы
3 орын – Жергілікті полиция қызметінің командасы
Жеке қатысушылар өздерінің жетістіктері үшін атап өтілді:
– Үздік қақпашы – Серғазы Әбішев
– Турнирдің үздік ойыншысы – Набиалхан Абдулла
«Бұл турнир – тек спортпен ғана шектелмейді. Бұл командалық жұмыс, сенім мен сыйластық. Біз полиция мен белсенді азаматтар арасында жанды, шынайы қарым-қатынас болғанын қалаймыз. Мұндай кездесулер тек спорттық рухты ғана емес, сонымен қатар Алматыны қауіпсіз, ашық және әділ қалаға айналдыруға деген ортақ тілегімізді нығайтады», – деді, Алматы қалалық ПД Арнайы және жұмылдыру дайындығы Басқармасының бастығы Ерлан Әбсадық.
Іс-шара жылы атмосферада өтті. Ойындардан бөлек, қатысушылар пікір алмасып, бірлескен жобалар мен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-almaty/press/news/details/1029487?lang=kk

Жауап қалдыру