СҚО бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әсет Тұрғымбекұлы жұмыс сапарымен Мамлют ауданына барды.
Сапар барысында СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Тұрғымбекұлы Мамлют ауданының әкімі Елена Фёдоровнамен кездесті.
Кездесу барысында Әсет Тұрғымбекұлы аудан әкіміне Мамлют аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жаңа басшысы — Тойжан Ерікқызын таныстырды. Сондай-ақ, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, Мамлют ауданындағы эпидемиологиялық ахуал қарастырылды.
Жауап қалдыру