Мейіржан Берекетов – қазақ күресінен әлем чемпионы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Солтүстікқазақстандық балуан Мейіржан Берекетов Үндістанда өтіп жатқан әлем біріншілігінде қазақ күресінен әлем чемпионы атанды Мейіржан – шын мәнінде нағыз батыр. Ол өзінің ерекше техникасын және қайсар мінезін көрсетті. Қарсыластарын сенімді түрде жеңіп, шеберлігі мен табандылығын дәлелдеді. Бұл жеңіс бапкерлер мен «Қызылжар Арландары» клубының да жетістігі. Жеңімпазды облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтады.
“Былтыр ол Астанада өткен Көшпенділердің Дүниежүзілік ойындарында чемпион атанған болатын. Мейіржанның ұлттық спортымызды дамыту мен насихаттауға қосқан үлесі үшін алғыс айтамын. Бұл жеңіс жаңа биіктердің бастауы болсын! Чемпионды құттықтаймын!”, – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/946824


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді