«АЙБЫН-2025» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫНДА ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН КӨРІНДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысында Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына және қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық «Айбын-2025» әскери-патриоттық оқушылар жарысы өтті. Ауқымды жарысқа Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан мемлекеттерінен келген командалармен бірге 800-ге жуық жас сарбаз қатысып, өзара бақ сынасты.

Жиынға Түркістан облысының атынан Кентау қаласының «Жас Қыран» әскери-патриоттық клубы қатысып, облыс намысын абыроймен қорғады. Түркістан облысының намысын қорғаған «Жас Қыран» әскери-патриоттық клубы халықаралық байқауда жүлделі ІІ орынға ие болды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-koksarai/press/news/details/1030221?lang=kk