
Шымкент қаласында көркем гимнастикадан ҚР VI Жастар спорттық ойындары басталды. Төрт жылда бір өтетін спорттық бәсеке 26 ақпан мен 1 наурыз аралығына жоспарланған. Кеше жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Көркем гимнастикадан Жастар ойындарына еліміздің барлық өңірлерінен және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, жалпы 300-ден астам спортшы қатысады. Жарыс жекелей және топтық жаттығу бойынша үш жас ерекшелігі аясында өтеді. Шымкент қаласынан жауапты сайыста жалпы 25 спортшы бақ сынап жатыр.
VI Жастар спорттық ойындары – жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, болашақ чемпиондардың қалыптасуына жол ашатын маңызды жарыс. Сондай-ақ, осы жарыста алдағы республикалық және халықаралық турнирлерге қатысатын ел үздіктері анықталады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/947586

Жауап қалдыру