Нұрбек Оралбай – Әлем кубогы кезеңінің күміс жүлдегері

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Әлем кубогы кезеңінің финалдық жекпе-жектері жалғасып жатыр.

Әлем чемпионы, 80 келідегі Нұрбек Оралбай ақтық бәсекеде Франция атынан келген Иожерлин Сезармен кездесіп, 0:5 есебімен жол берді.

Бір ерекшелігі – Нұрбек Оралбайдың екі бірдей қарсыласы турнир барысында рингке шығудан бас тартты.

Айта кетейік, бұған дейін 30 наурыз – 6 сәуір аралығында Бразилияда өткен Әлем кубогы кезеңінде осы салмақта Диас Молжігітов қола жүлде иеленген еді.

Нұрбек Оралбайдың жарыстағы жолы:

✅1/8 финал. 🇦🇿Мурад Аллахвердиев 5:0
✅1/4 финал. 🇮🇳Лакшая Шахар – бас тартты
✅1/2 финал. 🇹🇷Мерт Айбуга – бас тартты

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1030507?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді