6 шілде – Ұлттық Домбра күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қонаев қаласының мәслихаты баршаңызды рухани қазынамыздың символы — Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтайды!

Домбыра — ұлтымыздың жаны, жүрек үні, ғасырлардан аман жеткен асыл мұрамыз. Қос ішектің күмбірінен қазақтың тарихы, рухы, мұңы мен қуанышы естіледі. Ол — аталарымыздың аманаты, болашақ ұрпаққа жол көрсететін қасиетті аспап.

Бүгінде домбыра үні тек қазақ даласында ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде жаңғырып, халқымыздың мәдениетін танытып отыр. Жастардың ұлттық өнерге деген қызығушылығы артып, күйшілік дәстүр жаңғырып келе жатқаны — көңіл қуантады.

Осы тамаша күні әрбір шаңырақта күй шалқып, домбыраның үні үзілмесін!
Рухымыз биік, мәдениетіміз мәңгі жасай берсін!

Ұлттық домбыра күні құтты болсын!

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-qonaev/press/news/details/1029762?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді