
Самар ауданында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі, «Ауыл» партиясы фракциясының өкілі Жигули Дайрабаевтың тұрғындармен кездесуі өтті. Парламентарий аудан әкімі Серік Жеңісовпен азаматтардың өтініштерін тыңдап, өзекті сауалдарына жауап берді. Атап айтқанда, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша грант алу, кәсіп үшін жер беру, туризмді дамыту, жолдарды жөндеу, сумен қамту мәселелері көтерілді. Азаматтардың барлық өтініштері мұқият тыңдалды. Аудан әкімі Серік Жеңісов көтерілген мәселелер жіті бақылауға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1029566?lang=kk

Жауап қалдыру