
Маңғыстаулы боксшы Бекзад Нұрдәулетов әлем кубогының жеңімпазы атанды
Маңғыстаулық боксшы Бекзад Нұрдәулетов 6 шілде күні Астанада өткен әлем кубогында жеңімпаз атанды. Жекпе-жек ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтті. Мемлекет басшысы финалдық кездесулерді трибунадан тамашалап, ұлттық құрамаға қолдау көрсетті. 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ақтық жекпе-жекте Бекзад Нұрдәулетов үндістандық спортшы Жугно Жугномен жұдырықтасып, 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қазақстан бокс федерациясының мәліметіне сәйкес, жерлесіміз алғашқы раундтан-ақ қарсыласын нокдаунға түсіріп, соққы жасауға мүмкіндік бермеді. Жекпе-жектің бірінші раундында-ақ қарсыласын нокаутқа түсірген. Айта кетейік, Жаңаөзен қаласының тумасы Бекзад Нұрдәулетов алғашқы кездесуінде ұлыбританиялық спортшыны сенімді түрде жеңіп, жартылай финалға жолдама алған болатын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uvp/press/news/details/1030690?lang=kk

Жауап қалдыру