
БАЙЖАНОВ КӨШЕСІНДЕГІ ДҮБІР
Байжанов көшесінде бой көтерген жаңа спорттық нысанның ашылуына орай, Ұлттық домбыра күні мен Астана күні мерекесі аясында Жымпиты ауылында шағын футболдан ауыл командалары арасында біріншілік ұйымдастырылды. Жарысқа 6 команда қатысып, ауыл тұрғындары тартысты кездесулердің куәсі болды.
Жарыс қорытындысы бойынша:
•
І орын – Қарасу көшесі
•
ІІ орын – Абай көшесі
•
ІІІ орын – Сейфуллин көшесі
•
«Жеңіске деген жігері үшін» – Амангелді көшесі марапатталды.
Жекелеген номинациялар иегерлері:
•
Үздік шабуылшы – Валитов Эмиль
•
Үздік ойыншы – Қабделуап Олжас
•
Үздік қақпашы – Кенен Әділхан
•
Үздік қорғаушы – Жұмабек Мирнат
Жеңімпаз командалар мен үздік ойыншыларға дипломдар, медальдар және ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
⸻
Сонымен қатар, ерлер арасында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында арқан тарту бойынша аудандық турнир өтті. Дәстүрлі сайысқа 11 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Жүлдегерлер:
•
І орын – Қособа ауылдық округі
•
ІІ орын – Сарой ауылдық округі
•
ІІІ орын – Жырақұдық ауылы
•
Жосалы ауылдық округі – «Жеңіс жолында жігер танытқаны үшін» алғысқа ие болды.
Жеңімпаздарға арнайы дипломдар, медальдар және ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Бұл жарыс ауыл жастарының күш-қайратын шыңдап қана қоймай, жұмысшы мамандықтарының қадір-қасиетін арттыруға да жол ашты.
Қоңдыкер ЕЛЕУОВ,
“Сырым елі”
⸻

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/1031192?lang=kk

Жауап қалдыру