
Жетісу облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бөлімі 2025 жылдың алты айында облыс аумағында «Тауар таңбасын заңсыз рұқсатсыз қолдану бойынша» контрафакт жалған өнімдерге қарсы 3 жоспардан тыс тексеру шарасын жүргізді. Тексеріс барысында 283 500 теңге соммасына 82 дана телефон акссесуарлары мен тұрмыстық заттар контрафакті өнімі тәркіленді.
Екі жеке кәсіпкер мен бір жауапкершілігі шектеулі серіктестік иелеріне 247 716 теңге көлемінде айыппұл салынды. Аталған салаға қатысты шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhetysu/press/news/details/1031187?lang=kk

Жауап қалдыру