
Қадірлі ауылдастар!
Сіздерді Ұлттық домбыра күні мерекесімен құттықтаймын!
Домбыра – қазақтың қасиетті аспабы, құнды байлығы, таптырмас қазынасы. Қазақ пен домбыра егіз ұғым.
Бұл біздің ұлттық құндылықтарымызды ардақтау, терең тамырымызға ой салу, рухани жаңғыруымызға қомақты үлес қосар шуақты да, шаттықты мереке. Өйткені, шанағынан шамырқанған күй төгер көне домбыра күмбірлегенде елең етпейтін адам жоқ.
Домбыра үні қанымызда бар, санамызда сақталған, ұлттық кодымызда таңбаланған.
Атадан балаға аманат болған осындай асыл қазынамызды қадір тұту – бәріміздің қасиетті борышымыз.
Халқымыздың қасиетті ұлттық аспабы – Домбыра төрімізден түспесін!
Домбыра мерекесі құтты болсын! Әр шаңырақтан ән-күй үзілмесін!
Құрметпен,
Аманкелді ауылдық округі әкімі
Жаманқұлов Зейнұр Қайраддинұлы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya-amangeldi/press/news/details/1031515?lang=kk

Жауап қалдыру