
Бүгін аудан әкімі М.Сердалин мен мәслихат төрағасы С.Сиражев тыл ардагері, “Ауданның Құрметті азаматы” атанған Құбашев Сағынгерей атамызды 95 жасқа толған мерейлі туған күнімен арнайы құттықтап барды. Облыс әкімінің құттықтау хатын табыстап, шапан жапты. Ұлы Жеңіс жолында тылда тынымсыз еңбек еткен, ел дамуына сүбелі үлес қосқан ардақты ардагерге ізгі тілектер айтылып, ақ батасы алынды.
95 жас — үлкен өмір мектебі, ұрпаққа үлгі.
Қариямыздың ғибратты ғұмыры, елге сіңірген еңбегі әрдайым ұлықтауға лайық.
Аман болыңыз, ақсақал! Сіздің парасатты өмір жолыңыз — ұлттың байлығы!
#ТылАрдагері #ҚұрметтіАзамат #95Жас #ҚарияғаҚұрмет #АуданМақтанышы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-akzhaik-algabas/press/news/details/1031794?lang=kk
Жауап қалдыру