
Жаз — демалыс, табиғат аясындағы серуендер мен ауылға сапарлар маусымы. Алайда күн шуақты көңіл-күймен бірге маусымдық қауіптер де қатар келеді, және оларды есте сақтау маңызды. Жаз мезгіліндегі басты қауіптердің бірі — жіті ішек инфекциялары. Ауа температурасы көтерілген сайын түрлі вирустар мен бактериялармен жұқтыру қаупі артады, әсіресе санитариялық нормалар мен жеке гигиена ережелері бұзылған жағдайда.
«Жазғы» инфекциялардың кең таралған қоздырғыштары — ротавирус, норовирус, энтеровирустар, сондай-ақ сальмонелла мен шигелла сияқты бактериялық инфекциялар. Бұл аурулар дене қызуының жоғарылауымен, құсумен, іш өтуімен және ағзаның сусыздануымен қатар жүруі мүмкін, бұл әсіресе балалар мен егде жастағы адамдар үшін қауіпті.
Демалысыңызды бұзбай, денсаулығыңызды сақтау үшін мамандар қарапайым, бірақ тиімді алдын алу шараларын ұстануға кеңес береді:
Осы қарапайым ұсыныстарды сақтау арқылы жаз бойы жақсы көңіл-күй мен денсаулықты сақтап, инфекция жұқтырудан сақтануға болады.
Есіңізде болсын: аурудың алдын алу — оны емдеуден әрдайым оңай әрі тиімді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1031951?lang=kk

Жауап қалдыру