Ақтауда шағын аудан ішілік абатандыру жұмыстары жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласының 28А, және 29-шағын аудандарында кешенді абаттандыру және жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жалғасуда. Жалпы жұмыстарға 20-дан астам қызметкер мен 3 арнайы техника жұмылдырылған.

Атап айтқанда, 28А шағын аудандағы №6 және №7 үйлердің аумағына асфальт жабындысы төселіп, жаяу жүргіншілер жолдары қалыпқа келтірілді. №3 және №9-үйлердің айналасында абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Бұл аумақта балалар ойын алаңы орнатылып, жол жиект тастары қойылып, асфальт төсеу алдындағы дайындық жұмыстары өз деңгейінде.

Сонымен қатан абаттандыру жұмыстары 29-шағын ауданда да жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта мұнда жол жиек тастары орнатылып, асфальт төсеуге қажетті дайындықтар атқарылуда. Сондай-ақ, жауапты мердігер мекеме тарапынан балалар ойын алаңын орнату, жаяу жүргінші жолдарын қалыпқа келтіру сынды жұмыстар да жоспарланып отыр.

– Тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында аулалар кезең-кезеңімен жөнделіп, балаларға арналған ойын алаңдары мен жаяу жүргіншілер жолдары абаттандырылады. Жұмыстар бекітілген мерзімге сай толық аяқталады, – деді мердігер мекеме өкілі.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1032004?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді