Нұртаудағы “Алтай – 2025” этнофестивалі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Глубокое ауданында «Нұртау» демалыс базасында «Алтай – 2025»этнофестивалі ауқымды өтті. Фестиваль қонақтары «Жастар Рухы» республикалық жастар саяси лагерінің 500-ден астам делегаты болды.

Этнофестиваль түрлі мәдениеттердің тоғысқан, дәстүр алмасқан, халықтар арасындағы достықты нығайтқан маңызды алаңға айналды. Қатысушылар үшін мазмұнды бағдарлама, этномузыка және шығармашылық ұжымдардың әсерлі қойылымдары ұсынылды.

Фестиваль ұлттық құндылықтарды қадірлейтін жастарды, этномәдени бірлестіктердің өкілдерін және қазақ халқының бай мәдениетін құрметтейтін барша жанды біріктірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe/press/news/details/1032391?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді