
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ
Ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді
Балалар өнер мектебінде аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков қаламыздағы және аудандағы ауылдық округтердегі медицина қызметкерлерін құттықтады. Нұрбол Әбдімәжитұлы медицина қызметкерлеріне жылы лебізін білдіріп, ерен еңбектері үшін алғысын білдірді.
Аудан әкімі Нұрбол Жүнісбековт, аудандық мәслихаттың төрағасы Қадырбек Садубаев, «Аманат» партиясы аудандық филиалының төрағасы Докторбек Мәселбеков медицина қызметкерлерін Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапаттады. Тамды ауылдық дәрігерлік амбулаториясының аға фельдшері Жандарбек Сейдахметовке «Аудандағы денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісін тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1032851?lang=kk

Жауап қалдыру