
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Абай облысы бойынша өкілдігінің бас маманы Абай облысы Семей қаласының Отбасын және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қолдау көрсету орталығымен ұйымдастырылған «Қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету мәселесінде ведомстволар арасындағы іс-қимыл» тақырыбында өткен семинарға қатысты.
Семинардың мақсаты-мемлекеттік органдар, білім беру, денсаулық сақтау мекемелері мен әлеуметтік қызметкерлердің арасында тиімді әріптестік орнатып, қиын жағдайға тап болған отбасыларға уақытылы және кешенді көмек көрсету жолдарын талқылау.
Семинар шеңберінде тәжірбие алмасу, нақты жағдайларды (кейс) талқылау, топтық жұмыс және психологиялық тренинг форматында әртүрлі іс-шаралар өтті.
Семинар барысында өткен талқылау кезінде Ә.Боранбайқызы Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелеріне кеңінен тоқталып, сондай-ақ өңіріміз бойынша келетін өтініштерді зерделеу нәтижелері туралы атап өтті.
Сондай-ақ орталық басшылығы семинарға қатысушыларды жалпы орталықтың жұмысымен таныстыра отырып, орталықта орналасқан балалар, аналар бөлмелерін,психологиялық көмек көрсететін мамандардың жұмысы мен жұмыс істеу орындарын таныстырды.
Ұлттық орталық пен мемлекеттік органдар, сонымен қатар квазимемлекеттік сектор, үкіметтік емес ұйымдар арасында осындай семинарлар мен кездесулерді жүйелі түрде өткізу жалғасын таба бермек
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-abay-oblysy/press/news/details/1032933?lang=kk

Жауап қалдыру