Астаналық боксшылар «Странджа кубогында» 5 медаль жеңіп алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Болгарияның София қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасында 76-шы халықаралық «Странджа кубогы» турнирі өз мәресіне жетті. Биылғы бәсекеге 22 елден 143 ер және 79 әйел былғары қолғап шебері қатысып, үздіктерді анықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Ауқымы кең болғандықтан «кіші әлем чемпионаты» атанып кеткен жарыста Астана қаласының спортшылары жоғары нәтижеге қол жеткізді. Жерлестеріміз бір алтын және төрт күміс медаль жеңіп алды.
Алтын медаль: Ләззат Күнгейбаева (81+ кг). Күміс медаль: Тимур Нұрсейітов (75 кг), Нұрбек Оралбай (86 кг), Айбек Оралбай (+92 кг), Римма Волосенко (60 кг).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/950374


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді