🔹Жарқайың ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Еңбекші мамандықтар жылына орай «Еңбек күші: халықтың бірлігі» атты салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔹Іс-шара барысында адал еңбегімен аудан мен облыс дамуына үлес қосқан азаматтарға Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің атынан алғыс хаттар табысталды. Марапатталғандар қатарында: коммуналдық сала қызметкерлері, өрт сөндірушілер, жүргізушілер, пошта қызметкерлері және басқа да еңбек өкілдері бар.

🔹Мұндай іс-шаралар жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы мәртебесін арттыруға, сондай-ақ этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған.

🔹Мерекелік шара шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламасымен аяқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zharkain/press/news/details/1033112?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді