
Әкімшілік орган, лауазымды тұлға
1. Әкімшілік орган, лауазымды тұлға:
1) өтініштерді қабылдайды және тіркейді, оларды және оларға қоса берілген құжаттарды ресімдеуге жәрдемдеседі, ресми қателерді жоюға және қоса беріліп отырған құжаттарды толықтыруға мүмкіндік береді;
2) әкімшілік рәсімге қатысушыға оның әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратады және алады;
4) әкімшілік рәсімге қатысушыны өткізілетін тыңдаудың орны мен уақыты туралы алдын ала хабардар етеді;
5) осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік рәсімге қатысушыны әкімшілік рәсім бойынша шешім қабылдау алдында тыңдайды;
6) әкімшілік актіні осы Кодексте белгіленген тәртіппен әкімшілік рәсімге қатысушының не олардың өкілдерінің назарына жеткізеді;
7) осы Кодексте белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша әкімшілік рәсімге қатысушының құқықтарын іске асырудан бас тартады;
8) осы Кодексте көзделген жағдайларда өз құзыреті шегінде әкімшілік органдарға, лауазымды адамдарға жәрдем көрсетеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалар өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы статистика саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген мерзімдер мен көлемдерде келіп түскен, қаралған өтініштердің, хабарламалардың, үн қатулардың, ұсыныстардың, сұрау салулардың саны және оларды қарау нәтижелері туралы Мемлекеттік құқықтық статистикалық ақпаратты беруге міндетті есепке алу.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/1033057?lang=kk

Жауап қалдыру