
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алуға ұсынылған үміткерлерді Комиссия екi кезеңде қарайды. Бірінші кезеңде жан-жақты қарау мақсатында Комиссия мүшелерінен мынадай бағыттар бойынша 6 секция құрылады: «Эстрада, классикалық музыка, халық шығармашылығы», «Әдебиет, театр және кино», «Журналистика және қоғамдық қызмет», «Спорт», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Ғылым». Екiншi кезеңде – Комиссия Секция отырысының шығарған нәтижесін негізге ала отырып, сыйлық беру туралы шешiм қабылдайды. Бұл жайлы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров ОКҚ брифингінде мәлім етті.
Сондай-ақ спикер «Дарын» сыйлығына үміткерлерге қойылатын негізгі талаптарға тоқталып өтті.
«Дарын» сыйлығына 14 тен 35 жасқа дейінгі жастар үміткер бола алады. Халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен көрмелердің лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ ғылыми қызметкерлер болуға тиіс. Орталық, жергілікті мемлекеттік органдар, оқу орындары, шығармашылық ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер сыйлық алуға жастардың кандидатурасын ұсынады», – деді Қ.Қамбаров.
Айта кетерлігі, сыйлыққа ие болған жастарға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы, төсбелгі, диплом және ақшалай сыйақы беріледі. 2024 жылдан бастап «Дарын» сыйлығының көлемін бір аталым бойынша 1 млн теңгеге көтерілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar/press/news/details/1033201?lang=kk

Жауап қалдыру