Кәсіпкерлермен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Прокуратура қала әкімдігі, кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, бизнес қауымдастығымен кездесу өткізді.

Жер учаскелерін беру, санитариялық-қорғаныш аймақтарын сақтау, индустриялық аймақтарға инфрақұрылымды жеткізудің өзекті мәселелері талқыланып, олар бойынша шоғырландырылған шешімдер әзірленді.

Қала прокуратурасы ағымдағы жылдың басынан 18 инвесторға индустриялық аймақтан жер учаскелерінің берілуі қамтамасыз етілгенін, 2 мыңнан астам кәсіпкердің құқығы қорғалғанын, 10 әкімшілік кедергі жойылғанын, 14 адам тәртіптік, 1 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылғанын атап өтті.

Бизнес субъектілердің құқықтарын қорғау мәселесі қала прокуратурасының ерекше бақылауында.

Бизнес субъектілері өзекті мәселелер туындаған жағдайда кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі байланыс орталығының +77076150010 нөміріне немесе Фронт-офиске (Шымкент қаласы, Ерімбетов көшесі, 304 г, Заңғар бизнес орталығының ғимараты) хабарласа алады.

        

Шымкент қаласының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/1033507?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді