
Сегізінші шақырылған Ақсуат ауданы мәслихатының кезекті отызыншы сессиясы 2025 жылдың 15 шілде күні сағат 10.00- де аудан әкімінің мәжіліс залында, мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссияларының отырысы сағат 11.00- де аудандық мәслихаттың ғимаратында өтеді.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер ұсынылады.
- Аудан әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі.
Хабарламашы: Ескендіров Ерсін Кәдірбекұлы – Ақсуат ауданы әкімі.
- Аудандық білім бөлімінің 2024-2025 оқу жылы атқарған жұмыстары туралы.
Хабарламашы: Кыдырмолдин Амангелді Шаймұратұлы – аудандық білім бөлімінің басшысы.
- Аудандағы азық – түлік дүкендерінің халыққа сапалы қызмет көрсетуі, мониторингтік бақылау жұмыстарының есебі туралы.
Хабарламашы: Ахметов Серік Таупихұлы – аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.
- Құмкөл ауылдық округі әкімінің сайлауалды бағдарламасының орындалуы және 2024-2025 жылдары атқарған жұмыстары туралы есебі.
Хабарламашы: Құрманғазы Ербол Құрманғазыұлы – Құмкөл ауылдық округінің әкімі.
- Әртүрлі мәселелер.
- «2025-2027 жылдарға арналған Ақсуат ауданының бюджеті туралы» 2024 жылғы 25 желтоқсандағы Ақсуат аудандық мәслихатының № 24/2-VIII шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
2) Ақсуат ауданы мәслихатының 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 15/2-VIII «Ақсуат ауданының мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша, округтік сайлау комиссияларының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3) Ақсуат ауданы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/5-VIII «Ақсуат ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
4) Ақсуат ауданы бойынша 2025 – 2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы.
Ақсуат ауданы
мәслихатының аппарат басшысы С.Жаябаев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aksuat/press/news/details/1033498?lang=kk

Жауап қалдыру